Давутоғлу Португалия мен АҚШ-қа барады

Премьер-министр бірқатар кездесулер өткізеді.

240387
Давутоғлу Португалия мен АҚШ-қа барады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу 3-7 наурыз күндері арасында Португалия және АҚШ-ты қамтитын сапарға шығады.


Премьер-министрлік баспасөз хатшылығының хабарламасына қарағанда, 3 наурыз күні Португалияда бұрынғы президент және Өркениеттер альянсы тұңғыш жоғары деңгейдегі өкілі Бранку де Сампайюмен кездесетін Давутоғлу артынан бір телеарнаға сұхбат береді.


Давутоғлу Лиссабон орталық мешітіне барғаннан кейін Португалиядағы Ислам қоғамының өкілдерімен бас қосады, шәйіт етілген дипломаттарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қояды.


Португалия президенті Каваку Силва тарапынан да қабылданатын Давутоғлу Португалия премьер-министрі Пасуш Коэльюмен де кездеседі.


Премьер-министр Давутоғлу мен Коэлью І Түркия-Португалия үкіметтер арасы саммит жиналысы және бірқатар келісім-шарттың қол қойылу рәсіміне қатысады. Артынан баспасөз мәслихатын ұйымдастырады.


Давутоғлу Коэльюдің қонағасынан кейін Нью-Йоркқа аттанады.


Нью-Йоркта Давутоғлу ірі компаниялардың басшылары және кейбір инвестициялармен бас қосады. Премьер-министр Америка Түрік ұйымдарының басшыларымен де кездеседі.
Премьер-министр Давутоғлу БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен де кездеседі, артынан түрік журналистердің сұрақтарына жауап береді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар