Президент Ердоған Латын Америка сапары алдында мәлімдеме жасады

Президент күн тәртібіндегі тақырыптарға қатысты пікір айтты.

214436
Президент Ердоған Латын Америка сапары алдында мәлімдеме жасады

Президент Режеп Таип Ердоған Ұлттық Барлау ұйымы басшысы Хакан Фиданның отставкаға кетуіне жылы қарамағанын атап айтты.
Президент Ердоған Колумбия, Мексика және Кубаға ұйымдастырған 6 күндік сапары алдында Стамбұл Ататүрік әуежайында күн тәртібімен байланысты тақырыптарда пікірін айтты.
Хакан Фиданның Ұлттық барлау ұйымы басшылығынан отставкаға кетуіне тоқталған президент Фиданның депутаттығына жылы қарамағанын Премьер-министр Ахмет Давутоғлуна жеткізгенінайтты.
Ердоған мұның Давутоғлуның бағаландыратынын білдірді.
Президент Ердоған доллар бағасының көтерілуімен байланысты да Орталық Банктің ұстанымын дұрыс емес екенін атап айтты.
Проценттер мен инфляцияның бір-біріне тең екенін жылдардан бері айтып келгенін тілге тиек еткен Ердоған бұл тақырыпта табан тіреудің еш қандай мағынасы жоқ екенін білдірді.
Президент Ердоған Латын Америка мемлекеттерін қамтитын сапарына да тоқталды.
Білім, мәдениет және туризм сааларында ынтымақтастық тақырыптарының күн тәртібіне келетінін атап айтқан Ердоған түрік мәдениеті мен тарихының одан әрі танытылуы үшін күш жұмсайтындарын жеткізді.
Президент Америка құрлығындағы тұңғыш ТИКА жобасы ретінде Координация офисін ашу туралы шешімның Мексикада жарияланатынын да білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар