Ердоған араб іскерлер мен инвесторларын қабылдады

Ердоған Түркияға инвестиция үшін келген Сауд Арабиясы мен Шығанақ елдерінің іскерлерімен бас қосты.

211874
Ердоған араб іскерлер мен инвесторларын қабылдады

Президент Режеп Таип Ердоған Сауд Арабиясы және Шығанақ елдерінен келген іскер және инвестор тобымен бас қосты.
Ердоған 2 күннен бері Түркияда инвестиция мүмкіншіліктерін қарастыратын араб іскерлер және инвесторларды президенттік сарайда қабылдады.
Кездесуде жаңартыла алатын энергия, денсаулық сақтау және қаржы саласынан бастап, Түркияда әртүрлі салаға инвестиция салуға дайындалған араб іскерлер мен инвесторлар байланыстары кезінде әртүрлі мекемеден аталмыш тақырыптарда мағлұмат алғандарын түсіндірді.
Президент Ердоған болса Түркияның инвесторлар үшін тартымды бір ел екенін атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар