Давутоғлу террормен күрес тақырыбы жайлы мәлімдеме жасады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу террормен жүргізілген күрестің артынан Түркияның террордан тазаланатынын атап айтты.

426713
Давутоғлу террормен күрес тақырыбы жайлы мәлімдеме жасады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Шығыс және Оңтүстік шығыс Анадолы аймақтарының зиялылары мен азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдерін Чанкая резиденциясында қабылдады.

Давутоғлу осында айтқан сөзінде «Мынаны ашық түрде айтқым келеді. Террорға қарсы жүргізілген тұрақты күрестің соңында Түркия террордан толығымен тазаланады, террордан бәлесінен құтылады, қалаларымыз баррикадалардан, орлардан және қару-жарақ қоймаларынан міндетті түрде тазаланады. Бүкіл қалаларымыз, аудандарымыз, алқаптарымыз лаңкестік топтардан құтылады және барлық азаматтарымыз тыныштық табады» деді.

Күрестің бірлік, ынтымақтастық және бауырластығымызды нысанаға алған топтар мен қанды террор ұйымдарына қарсы жүргізілгенін атап айтқан Давутоғлу «Біздің күресіміз мектептерге, ауруханаларға, мешіттерге, көшелердегі адамдарға шабуылдаған күштерге қарсы» деді.

Премьер-министр «Террор - ПКК террор ұйымынан бастап, террор барондарының тіршілік көзіне айналған бір сала. Бұл саланы тек қана әділет, заңдар, ұждан және мархабатпен жоя аламыз. Мемлекет ретінде тұғырымызды қанды тендерлерге қарап емес, азаматтарымыздың талаптарына сәйкес белгілейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар