Давутоғлұ іскерлермен бас қосты

БҰҰ баршаны бауырына басуы керек

195236
Давутоғлұ іскерлермен бас қосты

Давутоғлұ «Аймақта көп жақты бірге өмір сүргіміз келеді» деді.
Давос қалашығында болған премьер-министр Ахмет Давутоғлұ бизнес әлемінің өкілдерімен кешкі қонақасында бас қосты.
Давутоғлұ сөйлеген сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымында реформаның қажет екенін білдіріп, «Әр салада осы тақырыппен байланысы болған баршаны бауырға басу керек. Көптеген мұсылман елінде мәселелер бар. Бірақ олардың өкілдері жоқ» деді.
Премьер-министр Түркияда 2003 жылы Ирак процесінде көрші елдерді бір үстел төңірегінде жинағандарын және бұның 2008 жылына дейін жалғасқанын еске салды. Давутоғлұ осындай процестердің БҰҰ-да болуы керектігін дәріптеді.
Климат өзгерісі жөнінде болса Давутоғлұ Түркияның «Үлкен 20» тобы кезекті төрағалығында климат өзгерісі және қоршаған ортамен байланысты тақырыптарды күн тәртіпке әкелетінін баяндады.
Премьер-министр Давутоғлұ Еуропа Одағы тақырыбында болса Түркияның Еуроодаққа кіру үшін қолынан келгенін істейтінін, егер саяси кедергілер болмасы екі жыл ішінде барлық тақырыптарды тамамдай алатынын айтты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар