Өкілетті елшілер конференциясы ертең басталады

7-ші Өкілетті елшілер конференциясы Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу басшылығында ертең басталады.

170658
Өкілетті елшілер конференциясы ертең басталады

5 күнге жалғасатын жиналыс «Жаңа Түркия: Жалғастырыла алатын сыртқы саясат және өзгеріс» тақырыбымен өтеді.
Өкілетті елшілер конференциясы Сыртқы істер шәйіттігі мен Аныткабир зияратының артынан Мевлүт Чавушоғлуның Сыртқы саясат туралы баяндамасымен басталады.
Конференцияға жыл сайын болғандай Сыртқы істер министрлігі орталығы мен шетелде міндет атқарған барлық өкілетті елшілері қатысады.
Премьер-министр орынбасарлары, министрлер және тиісті мекемелерден жоғары деңгейлі лауазымдылар қатысатын отырыстарда сыртқы саясатпен байланысты әртүрлі тақырыптар қолға алынады.
Іс-шаралардың халықаралық тұғырын күшейту үшін жыл сайын болғандай биыл да конференцияға шетелдік қонақтар шақырылды.
Конференцияда Голландия, Аргентина және Нигерия Сыртқы істер министрлері мен Еуропа Кеңесі Бас хатшысы Турбьерн Ягланд, ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова және БҰҰ Босқындар Жоғары комиссары Антониу Гутерреш өкілетті елшілерге үн қатады.
Өкілетті елшілер президент Режеп Таип Ердоған, Премьер-министр Ахмет Давутоғлу және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Жемил Чичек тарапынан да қабылданады.
Өкілетті елшілер конференциясына Анкараға қоса Чанаккале қаласы да қонақжайлық жасайды.
Чанаккале соғыстарының 100 жылдығы себепті өкілетті елшілер Сыртқы істер министрі Чавушоғлумен бірге Чанаккалеге барады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар