Премьер-министр Давутоғлу Аданада

Давутоғлу партиясының Адана қалалық конгресіне қатысты.

148006
Премьер-министр Давутоғлу Аданада

Давутоғлу Адана қаласының энергияның, қатынастың, денсаулық сақтаудың және ауылшаруашылығының орталығына айналатынын айтты.
Премьер-министр Давутоғлу жасалған инвестициялар арқылы алдағы жылдарда Адананың әлемнің ең маңызды энергия орталықтарының бірі болатынын атап көрсетті.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Әділет және өркендеу партиясы Адана қалалық конгресінде жасаған баяндамасында Сирия, Ирак және Кавказда тыныштықтың қамтамасыз етілуімен аймақтың ең үлкен ауылшаруашылығы алаңы, ең үлкен сауда алаңы, ең маңызды порттарының Чукурова мен Адана болатынын атап айтты.
«Үлкен Түркия» көзқарастары болғандай үлкен Адана көзқарастары да бар екеніне назар аударған Давутоғлу аймақтық әуежайы 2016 жылы аяқталғанда Адананың әртүрлі халықаралық әуе қатынасына ашылатынын білдірді.
Давутоғлу Конья-Мерсин-Адана желісіне жүрдек пойыз қосылған кезде Ішкі Анадолы және Жерортатеңізі аймағымен бірігетінін атап көрсетті.
Давутоғлу сондай-ақ Орташығыстың ең үлкен, мың 550 орынды интеграциялық денсаулық сақтау комплексінің Аданада салынатынын да тілге тиек етті.
Өз кезеңдерінде шамамен 500 мың гектарлық алаңның суарылып, ауылшаруашылығына қосылатынын атап айтқан Давутоғлу Адананың берекелі жерінің одан да берекелі болатынын, Адананың егіншілік, энергия, қатынас, денсаулық сақтау салаларының көшбасшысы бір қалаға айналатынын білдірді.
Ирак премьер-министрі Ибадидің екі аптадан кейін Түркияға сапарлай келетінін де атап айтқан Давутоғлу «Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысын өткіземіз. Ирактың мұнайының ең сенімді Аданаға ұласуын қалаймыз. Кавказ мұнайлары, Орташығыс мұнайлары бір күні Жейханға ағады. Біздің нысанамыз осы» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар