Түркия Таиландтағы ұйғыр босқындардың Түркияға беруін талап етті

Сыртқы істер министрі мәлімдеме жасады.

207914
Түркия Таиландтағы ұйғыр босқындардың Түркияға беруін талап етті

Түркия Сыртқы істер министрлігі Ұйғырлармен байланысты жаңалықтарды қадағалайды.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Таиландқа заңсыз жолдармен апарылған 300 Ұйғыр түркі мен Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық аймағындағы ұйғырлар жайлы мәлімдемелер жасады.
Чавушоғлу Ұлтшыл Қозғалыс партиясының Анкара депутаты Өзжан Йенечеридің «Шығыс Түркістанда дарға асылған ұйғырлар себепті бір бастама болып болмағаны» туралы жазбаша сұраққа жауап қайтарды.
Чавушоғлу «Министрлігіміз ұйғыр текті азаматтармен байланысты барлық жаңалықтарды жақын қадағалайды» деді.
Сыртқы істер министрлігі мәлімдемеде шілде айында Кашғардағы оқиғалар себепті дарға асу жазасы берілгені жайлы «сот кезеңінің ашық болуы талабымызды Анкарада 21 қазан күні өткен бір кездесуде Қытай Сыртқы істер министрі орынбасары Ченг Гуопингке жеткіздік. Министр орынбасары Ченг біздің тақырыппен байланысты нәзіктігімізді түсінгенін, ашық соттау тақырыбындағы талабымызды министрлігіне жеткізетінін және аталмыш шешіммен байланысты аппеляция жолының ашық екенін атап көрсетті» деді.
Чавушоғлу Таиландқа заңсыз жолдардан апарылған және жасанды паспортпен ұсталған 300 ұйғырдың Түркияға әкелінуі үшін қозғалғандарын да атап көрсетті.
Чавушоғлу тақырыппен байланысты Таиланд Сыртқы істер министрімен сөйлескендерін және заңды кезеңнің аяқталуымен ұйғырларды Түркияға қайтарылуы жайлы сұраныстың таиландтық мекемелерге білдіргенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар