Ирак Сыртқы істер министрі келеді

Джафери түрік әріптесімен кездеседі.

181970
Ирак Сыртқы істер министрі келеді

Ирак Сыртқы істер министрі Ибрахим Джафери бүгін Анкарада байланыс жүргізеді.

Негізгі тақырып – Ирактың тұрақтылығы мен ISIS-ке қарсы күрес.

Ибрахим Джафери сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның шақыруымен екі күндік сапармен келеді.


Сыртқы істер министрлігі Түркияның Ирактың террормен күресіне, демократия мәдениетінің дамуына, елдің аймақтағы тұғырына және Ирак халқының болашағының жақсаруына көмек беріп отырғанын білдірді.


Ирак Сыртқы істер министрінің сапары да осы қолдаудың анық көрсеткіші болмақ.


Түрік Сыртқы істер министрі Чавушоғлумен кездесетін Джафериді президент Режеп Тайып Ердоған, Түркия мәжілісінің басшысы Джемил Чичек және премьер-министрі Ахмет Давутоғлу қабылдайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар