Премьер-министр Давутоғлу Әл-Жазира телеарнасына сұхбат берді

Давутоғлу: Түркия ретінде Ирак немесе Сирияның бөлінуін қаламаймыз.

167375
Премьер-министр Давутоғлу Әл-Жазира телеарнасына сұхбат берді

Әл-Жазира телеарнасы премьер-министр Ахмет Давутоғлунан алған сұхбаттың екінші бөлімін жариялады.

Сұхбатта террорды жою үшін жүргізілген шешім үдерісін бағаландырған Давутоғлу «Үдерістің тараптары өз жауапкершілігін орындаған жағдайда бірнеше айдың ішінде армандаған сатыға қол жеткіземіз» деді.
Түркия мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастарды да бағаландырған премьер-министр Давутоғлу «Біздің ұстанымымыз Мысыр халқына қарсы емес, төңкеріс жасағандарға» деді.
Давутоғлу Орташығыстағы жаңалықтар жайлы әскери әдістердің аймақтағы тұрақтылық пен тыныштықты бұзғанын атап айтты.
Орташығыстағы діни қауымдық және нәсілшіл қақтығыстарға да назар аударған Давутоғлу «Ғасырлар бойы бірге өмір сүрген қауымдар, ұлттар, нәсілдер бір-бірінен ажырады. Біздің арманымыз бұрынғы көп ұлтты мәдениетті қайтадан Орташығыс аймағында орнату және қорғау» деді.
«Еліңіздегі сириялық босқындар Түркияға салмақ түсіре ме?» деп қойылған бір сұраққа Давутоғлу «Сириялық босқындар себепті экономикалық және әлеуметтік мәселелерге душар болғанымыз шындық. Дегенмен ешқашан сириялық бауырларымызды артық көрген емеспіз» деп жауап қайтарды.
Түркиядағы сириялық жастарға ең жақсы білім алу мүмкіндігі ұсынғандарын атап көрсеткен Давутоғлу сириялықтарды емтихансыз және тегін түрде Түркиядағы университеттерде оқуға қабылдағандарын атап көрсетті.
Давутоғлу сондай-ақ сириялықтарға жұмыс істеуге жағдай жасау үшін уақытша рұқсат берілетінін де айтты.
Ирак пен Сириядағы жаңалықтарға да тоқталған премьер-министр Давутоғлу «Біз әрі Ирак, әрі Сирияның бөлінуін қаламаймыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар