Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Нью-Йоркта

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Солтүстік Америка Бас консулдары жиналысына басшылық жасады.

154130
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Нью-Йоркта

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Түркияның 2015-2016 БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі үміткерлігі үшін барған Нью-Йорктағы ресми байланыстары басталды.

Солтүстік Америка Бас консулдары жиналысына басшылық жасаған Чавушоғлу АҚШ-тағы түрік қоғамы өкілдерімен бас қосты.
Мевлүт Чавушоғлу жиналыста 1915 жылғы оқиғалардың 100 жылдығы себепті армян диаспорасы жүргізген жұмыстарға назар аударды.
Анкараның осы тақырыптағы ұстанымын тағы бір рет нақты түрде ортаға қойған Чавуоғлу «Біз үшін 2015 жылы бір қақтығыс жылы емес. Түркия осындай нашар бір қақтығыстың ішіне кірмейді» деді.
Чавушоғлу үшінші мемлекеттердің осы тақырыптағы ұстанымын сынға алып, өкінішке орай 1915 жылғы оқиғалардың ішкі саясат материалы және дауыс жинау ізденісінің бір бөлігі екеніне назар аударды.
Министр Чавушоғлу шетелде өмір сүрген түрік қоғамының бірлік пен ынтымақтастығының маңызды екеніне де тоқталды.
Чавуоғлу Солтүстік Америка өкілетті елшілер жиналысында атқарылған жұмыстар туралы да мағлұмат алды.
Жиналыста әсіресе азаматтарымызға қызмет көрсеткен консулдықтарымыздың берген қызметтің сапасын арттыру жөнінде басылатын қадамдар, мәдениет және таныстыру жұмыстары, сауда ынтымақтастығының дамытылуы, штат және жергілікті әкімшіліктермен ынтымақтастық тақырыптары бағаландырылды.
Жиналыста жылжымалы консулдық қызметінің тарауы, шетелдегі азаматтардың дауыс беруі сияқты тақырыптар да қолға алынды.
Чавушоғлу байланыстары аясында Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелігіне үміткерлігі және аймақтағы жаңалықтарға қатысты кездесулерін жалғастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар