Президент Ердоған Нью-Йоркта бір қатар басшылармен жеке кездесті

Президент Режеп Таип Ердоған мемлекет және үкімет басшыларымен кездесті.

136312
Президент Ердоған Нью-Йоркта бір қатар басшылармен жеке кездесті

Президент Режеп Таип Ердоған БҰҰ Бас ассамблеясы қатысу үшін барған Нью-Йоркта кеше мемлекет және үкімет басшыларымен жеке кездесулер өткізді.
Алдымен Италия премьер-министрі Маттео Рензиді қабылдаған Ердоған Түркияның Еуроодаққа мүшелік кезеңіне Италия берген қолдау үшін алғысын білдірді.
Рензи болса Түркияның толық мүшелігінің Еуроодақты одан да күшейтетінің атап көрсетті.
Ирак, Сирия және Ливиядағы соңғы жаңалықтар да бағаландырылған кездесуде Италия мен Түркия арасында қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастық тақырыбы қолға алынды.
Президент Ердоған Иран елбасы Хасан Руханимен де бас қосты.
Екі басшының аймақтық тақырыптарда одан жақын жұмыстануға шешім қабылдағаны кездесуде Ердоған Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі үміткерлігі жайлы берген қолдауы үшін Иранға алғыс айтты.
Рухани болса президент Ердоғанды Тегеранға шақырды.
Президент Ердоған Ирак президенті Фуат Масуммен жеке кездесуінде де Бағдатта құрылған жаңа үкімет үшін табыс тілегенін жеткізіп, Түркия ретінде Ирактың ынтымақтастық пен көршілігін маңызды көргендерін атап көрсетті.
Террорға қарсы ортақ күрестің маңызына тоқталған кездесуде екі жақты экономикалық ынтымақтастыққа бағыт беру тақырыбында да келісті.
Ердоған Палестина елбасы Махмуд Аббаспен де кездесті. Кездесу де тұрақты атысты тоқтатудың маңызына назар аударылды. Кездесуде Газаға бағытталған қоршаудың жойылуы үшін халықаралық қоғамның Израильге санкция жасау керектігі атап көрсетілді.
Президент Ердоғанның Түркия ретінде бұдан кейінгі кезеңде де палестиналықтарға қолдауын жалғастыратыны атап көрсетілді.
Президент ердоған Словения президенті Борут Пахор,Румыния премьер-министр Виктор Понта, Грузия премьер-министрі Иракли Гаривашвили және Гренада премьер-министрі Кейт Митчелмен де жеке кездесулер өткізді.
Ердоған БҰҰ Климат саммитінің «Қозғалу үшін экономикалық жағдай» тақырыпты отырысқа да қатысты.
Президент Ердоған Түркияның климат өзгерісі тақырыбында басылатын әр қадамда өз жауапкершілігін толық орындауға дайын екенін айтты.
Президент бүкіл мемлекеттердің қоршаған орта қозғалыстарында әділ орын алу керектігіне назар аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар