Түркия – ең жомарт ел

«Жаһандық гуманитарлық көмек 2014» есебі жарияланды.

123331
Түркия – ең жомарт ел

Осы есепке қарағанда, Түркия ұлттық табысымен салыстырғанда дүние жүзінің гуманитарлық көмекті ең көп берген елі болды.


Көмек мөлшері бойынша болса Америка Құрама Штаттары және Ұлыбританиядан кейін үшінші кезекте.


Түркия көмегін Апат және төтенше жағдай басқармасы АФАД үйлестіруінде Түрік ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА, Түрік Қызылайы және Шетелдегі түріктер мен ағайын қауымдастықтар басқармасы сынды мекемелер мен азаматтық қоғамдық ұйымдар арқылы бес құрлыққа жеткізіп отыр.


Ұлттық табыстың 0,21 пайызына дөп келетін 1,6 миллиард доллар мөлшеріндегі бағышымен Түркия «ең жомарт ел» болды.


2012 жылы берілген гуманитарлық көмек мөлшері 1 миллиард 85 миллион АҚШ доллары болса, бұл көрсеткіш 2013 жылы 1 миллиард 600 мың долларға жетті.


Тізімде Түркиядан кейін Кувейт пен Люксембург келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар