Ердоған Стамбұлға оралды
Ердоған мен Барак Обама Уэльсте бас қосты.
Елбасы Режеп Таип Ердоған Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обамамен кездесу өткізді.
Саммиттен кейін елбасы Режеп Таип Ердоған Стамбұлға оралды.
НАТО саммиті аясында Ұлыбританияның Уэльс аймағында бас қосқан екі лидер Палестинадағы атысты тоқтатуды жалғастыру талпыныстарын қолдау тақырыбында ортақ көзқарасқа келгендерін білдірді.
Екі басшы жақын байланыстар орнату және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі кезінде Нью-Йорк қаласында қайталай кездесу үшін де келісті.
Ердоған мен Обама сонымен бірге Иракта барлық саланы құшақтайтын бір үкіметтің жылдам құрылуы, Сирияда Женева мәлімдемесі аясында нағыз бір саяси бұрылысты іске асырудың маңыздылығына назар аударды.
Елбасы Режеп Таип Ердоған саммит аяқталғаннан кейін Түркияға қайтты.
Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлұ мен Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз да Стамбұлға келді.
Ұқсас жаңалықтар
![Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/42dc/f7ce/a79d/666c4d1546c00.jpg?time=1718411681)
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
![Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/9138/0001/6d14/666bfcf6ef7a7.jpg?time=1718411681)
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.