Еуроодақ министрі Волкан Бозкыр Португалия елшісін қабылдады

Волкан Бозкыр Еуроодақтың Түркияға позициясын тілге тиек етті

113240
Еуроодақ министрі Волкан Бозкыр Португалия елшісін қабылдады

Еуроодақ министрі Волкан Бозкыр Португалияның Анкарадағы өкілетті елшісі Йорг Кабралды қабылдады.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген Бозкыр ашылмаған келіссөз баптарына байланысты Еуроодаққа деген сын-ескертпелерін айтты.
Еуроодақ министрі Волкан Бозкыр саяси кедергілер себебімен ашылмай тұрған келіссөз баптары туралы «ашылса әрине қуанамыз, ашылмаса да ақырзаман емес» деген тұжырым жасады.
Бозкыр «Ең маңыздысы Түркияның Еуроодақ деңгейіне келуі» дей келіп, жүзеге асырылған реформаларды да тілге тиек етті.
«Түркия баптарды ашу үшін қолынан келгенше күш жігер салуда. Бірақ баптарды ашу Еуроодақпен қарым-қатынасымыздың тек бір бөлшегі ғана» деген Бозкыр «Еуроодақпен қарым-қатынасымызты бір мұхитпен теңестірсек, баптарды ашуды қағаздан жасалған қайық ғана дей аламыз. Біз 2006-жылы онсыз да бүкіл баптарды аштық. Қысқа мерзім ішінде де бұл баптардың шарттарын жүзеге асыратын боламыз. Осылайша Түркия да Еуроодақ деңгейіне келетін болады. Біз бітірген баптарды Еуроодақ әлі ашпаған болса, ол біздің мәселеміз емес» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар