Түркия неміс баспасөзіндегі хабарларды теріске шығарды

Сыртқы істер министрлігі 'Инжирлик әуежайы қауесеті' жайлы мәлімдеме жасады

98072
Түркия неміс баспасөзіндегі хабарларды теріске шығарды

Сыртқы істер министрлігі неміс ұшақтарының Инжирлик әуежайын қолдануына рұқсат берілмегені жайлы қауесеттердің шындыққа жатпағанын мәлімдеді.
Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танжу Билгич жасаған мәлімдемеде Солтүстік Ирактағы қазіргі жағдайға байланысты аймаққа гуманитарлық жәрдем тасымалдаған ұшақтардың Түркияның әуе кеңістігінен өтуі мен әуежайын пайдалану үшін жасаған сұранысына жылдам және болымды жауап қайтарылғанын сондай-ақ барлық рұқсаттардың берілгенін атап көрсетті.
Мәлімдемеде «Неміс баспасөзінде орын алған неміс ұшақтарының Инжирлик әуежайының қолданылуына рұқсат етілмегені жөніндегі хабарлар шындыққа жатпайды» делінді.
Мәлімдемеде сондай-ақ «Түркия аймаққа берген ауқымды гуманитарлық қолдауына қоса халықаралық қоғамның да гуманитарлық жәрдем тасымалдауын жеңілдетуші ынтымақтастықты тұрақтылықпен жалғастырады» деп бағаландыру жасалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар