Жаңа президент балконда сөз сөйледі

Ердоған «бүгін Түркиядағы ескі дауларды ұмытатын күн» деді.

86795
Жаңа президент балконда сөз сөйледі

«Түркия және ұлтымыз үшін құтты Фатиха, яғни қасиетті ашылу»


Түркияның 12-ші президенті Режеп Таип Ердоған дәстүрлі «балкондағы» баяндамасын осы сөздермен бастады. Ердоған Чанкая сарайы мен ұлт арасындағы кедергілердің жойылғанын айтты.
Жаңа кезеңге байланысты маңызды ишараттар берген Ердоған «бүгін Түркиядағы ескі дауларды ұмытатын күн» деді.


Жаңа президент сайлауда ешкімнің жеңілмегенін де атап көрсетті.


« 77 миллионның әрбір мүшесі үшін де сайлаудан жеңіліп шыққан ешкім жоқ» деген Ердоған «Ұлтымыз үшін де жеңіліп қалған ешкім жоқ. Жеңілген тек – статус-кво. Әрине, бүгін ең үлкен жеңілісті қысымшыл жүйе алды. Әрине, лас саясат пен саясаттан тыс күштер бүгін сабақ алған болар» деп жалғастырды.


Ердоған баяндамасында Газадағы жаралылардың Түркияға әкелінетінін айтып сүйінші сұрады.


Ердоған «Газадағы жаралы бауырларымызды Түркияға әкеле бастаймыз. Оларды осындағы ауруханаларда емдейміз» деді.


Режеп Таип Ердоған сайлау үдерісі барысында өзіне қолдау берген өнер қайраткерлеріне де алғыс білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар