Жоғары әскери кеңес шешімдері жарияланды

Кеңес тамыз айындағы кезекті жиналысын кеше аяқтады

81230
Жоғары әскери кеңес шешімдері жарияланды

Жоғары әскери кеңес премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның басшылығында тамыз айында кезекті жиналысын кеше аяқтады.
Кеңесте қабылданған шешімдер жоспарланғанынан бір күн бұрын президент Абдуллах Гүлге ұсынылды және артынан қоғамға жарияланды.
Жандармерия қолбасшысына Эгей армиясының қолбасшысы генерал Абдуллах Атай тағайындалды.
Құрлық күштері оқу және доктрина қолбасшысы генерал Салих Зеки Чолак болса 1-ші армия қолбасшысы ретінде тағайындалды.
2014 жылы 30 тамыз күнінен бастап, 37 генерал және адмиралдың мәртебелері бір жоғарғы дәрежеге, 51 полковник болса генерал және адмирал мәртебесіне көтерілді.
34 генерал мен адмиралдың болса қызмет мерзімдері тағы 1 жылға ұзартылды.
Сондай-ақ биыл дәрежесінің көтерілуін күткен 41 генерал мен адмирал штат ашылмағаны себепті 2014 жылы 30 тамыз күні, 2 генерал болса зейнет жасы келгені себепті 2014 жылдың 1 қыркүйек күнінен бастап зейнетке шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар