Премьер-министр Ердоған партиясының айттау мерәсіміне қатысты

Премьер-министрдің күн тәртібінде Израильдің Газаға шабуылдары орын алды

73389
Премьер-министр Ердоған партиясының айттау мерәсіміне қатысты

Президенттік сайлаудың үміткері және премьер-министр Режеп Таип Ердоған Газада адамзаттың өлтірілгенін, ұжданның жанталаста екенін атап «Әлемнің ешбір жерінде, тарихтың ешбір парағында мұндай заңсыз, аяусыз, ұждансыз бір шабуыл заңды қорғаныс хақы ретінде қабылданбаған» деді.
Режеп Таип Ердоған кеше Әділет және Өркендеу партиясының Стамбұл қаласы филиалында айттау мерәсіміне қатысты.
Премьер-министр Израиль шабуылдарына ұшыраған Газада Ораза айттың тойлана алмағанына назар аударды.
Газалық балалардың айттарын арнайы құттықтаған Ердоған кәмпит жинай алмаған, парктерге барып ойын ойнай алмаған, сыйлық беріле алмаған, медициналық жәрдем жеткізіле алмағаны себепті қолы аяғы кесілген газалық балалар үшін келесі айттың шынайы айт болуын тілегенін жеткізді.
Режеп Таип Ердоған 3 израильдік жазықсыздың өліміне бола Израиль шабуылдарында мың 100-ге жуық жазықсыз адамның өлтірілгенін, Израильдің Хамастың зымырандарын сылтауратып, жасаған қырғынын әлемге заңды қылып көрсетуге тырысқанын мәлімдеді.
Бас министр Ердоған халықаралық қоғамның болса Газа трагедиясы алдында қозғалуын талап етті.
Режеп Таип Ердоған баяндамасында Газа тақырыбында араларында Түркия радио және теледидар мекемесі ТРТ де бар әртүрлі мекеме мен қоғамдық ұйымдарды және азаматтық жәрдем мекемелерін шынайы жұмыстары үшін құттықтады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар