Премьер-министр Ердоған өзіне қарсы одақ құрылғанын алға тартты

Ердоған Сакария мен Стамбұлдағы митингтерде оппозиция партияларын нысанаға алды

132339
Премьер-министр Ердоған өзіне қарсы одақ құрылғанын алға тартты

Президенттік сайлау кандидаты және премьер-министр Режеп Таип Ердоған сайлау науқанын кеше Сакария мен Стамбұлда жалғастырды.
Сакарияда жүзеге асқан митингте Ердоған оппозиция партияларын нысанаға алды.
Ердоған оппозицияның жаңа бір одақ құрып дағдарыс пен мазасыздықты арттыратын бір саясат жүргізгенін алға тартты.
Премьер-министр Ердоған баяндамасында сириялық босқындарға да тоқталды.
Ердоған Түркияның барлық күнәсіз халықтарға қолдау беретінін айтты.
Митингтің артынан Стамбұлға өткен Ердоған осында Стамбұл достық қоғамы ұйымдастырған ауызашарға қатысты.
Ердоғанның күн тәртібінде Израильдің Газаға бағытталған шабуылдары орын алды.
Ердоған Палестина мәселесіне әрқашан ие шыққандарын атап, Орташығыстағы бейшара халыққа қолдау беретіндерін атап айтты.
Премьер-министр Ердоған 10 тамыз күні алғашқы туры өтетін президент сайлауға қатысты да нақты баянлдады.
Ердоған 10 тамыздың Түркияның болашағы үшін аса маңызды бір кезең екеніне назар аударды.
Осы сайлауда бұрынғы Түркия мен Жаңа Түркия арасында өтетінін атап көрсеткен Ердоған «Иншалла жаңа Түркия, жарқын келешек жеңіске жетеді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар