Анкарада Францияның ұлттық мерекесі тойланды

Еуроодақ министрі кейбір маңызды мәселелерге назар аударды

129514
Анкарада Францияның ұлттық мерекесі тойланды

Еуроодақ министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуроодаққа мүше елдерді Түркияның Еуроодаққа кіруі келіссөздері алдындағы кедергілерді жоюға шақырды.
Чавушоғлу «Экономика мен қаржы саясаты» бабының Францияның ветосы жойылса дереу ашылатынына назар аударды.
Анкарада Францияның Ұлттық мерекесі- Бастилияның алынуы тойланды.
Францияның Анкарадағы өкілетті елшісі Лаурент Билл президент Франсуа Олландтың 22 жылдан кейін Түркияға іс сапарымен келген бірінші президент екенін еске сала келіп, екі елдің қарым-қатынасындағы дамуға назар аударды.
Тамыз айында болатын президент сайлауына да тоқталып кеткен елші «Бұл түрік демократиясы үшін аса маңызды. Біздер мұның Еуропалықтар ретінде бізді бір-бірімізге жақындататын құндылықтардың көрінісі болады деп ойлаймыз»-деді.
Еуроодақ министрі Мевлүт Чавушоғлу болса Түркияның Еуроодақпен келіссөздеріне тоқтала келіп, «Біз өзімізге берілген тапсырмаларды орындаймыз. Еуропалық достарымыз да саяси кедергілерді жойса қалғаны оңай»-деді.
Чавушоғлу 17-ші «Экономикалық және қаржы саясаты» бабының ашылуының алдында тек қана Францияның ветосы бар екеніне назар аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар