Еуроодақ министрі Израиль шабуылдарын айыптады

Чавушоғлу шабуылдардың тоқтатылуын талап етті

128881
Еуроодақ министрі Израиль шабуылдарын айыптады

Еуроодақ министрі Мевлүт Чавушоғлу Израильдің Газаға шабуылдарын айыптады.
Аланья Сауда Палатасының ауызашар бағдарламасына қатысқан Еуроодақ министрі Мевлүт Чавушоғлу Ислам жағрапиясында болып жатқан оқиғаларға тоқталып кетті.
Әлемнің әр түкпірінде зұлымдық, аштық, соғыс пен қырғын болып жатқанын ұмытпау керектігін айтқан Мевлүт Чавушоғлу Израильдің аяусыз шабуылдарына душар болған Палестиналықтар үшін дұға қылып отырғандарын білдірді.
Израильдің қанқұйлылығын айыптайтынын және тез арада шабуылдардың тоқтатылуы керектігін айтқан Чавушоғлу сонымен қатар Мысырдағы төңкеріс, Сириядағы қырғын, Ирактағы қантөгіс туралы сөз қозғады және әлемдегі ауыр шарттарда өмір сүріп жатқандарға қол ұшын беріп, дұға қылуға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар