Президент Гүл Сыртқы істер министрі Давутоғлуны қабылдады

Кездесуде Ирак, Палестина, Сирия және аймақтық мәселелер қолға алынды

124123
Президент Гүл Сыртқы істер министрі Давутоғлуны қабылдады

Президент Абдуллах Гүл Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуны Чанкая резиденциясында қабылдады.
Кездесуде Ирак, Палестина және Сириядағы соңғы жағдай мен аймақтық жаңалықтар қолға алынды.
Кеше кешкі уақытта жүзеге асқан кездесу 1,5 сағатқа созылды.
Ахмет Давутоғлу президент Гүлге кепілдікке алынған консулдық қызметкерінің жағдайы және Ирактағы соңғы жаңалықтар жайлы мағлұмат берді.
Кездесуде Израильдің Газаға жасаған шабуылдары да қолға алынды.
Сириядағы соңғы жағдай мен аймақтық жаңалықтар да кездесуде қолға алынды.
Кездесудің артынан Давутоғлу Түркиядан Өзбекістанға 13 жылдық үзілістің артынан Сыртқы істер министрі деңгейінде тұңғыш сапарды жүзеге асыру үшін осы елге аттанды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар