Премьер-министр Эрдоған сайлау науқанын жүргізуде

Эрдоған саясаттан тыс президент болуы мүмкін емес екенін айтты

121244
Премьер-министр Эрдоған сайлау науқанын жүргізуде

Президент сайлауы науқанын жүргізетін «Сайлау координациялау орталығының» ашылу мерәсіміне қатысқан премьер-министр Эрдоған сайлау жоспарын да 11 шілдеде жариялайтын болады.
Ашылу салтанатынан кейін Кечиөренде ауызашар бағдарламасына қатысқан Эрдоған оппозициядағы партиялардың оның премьер-министр қызметінен кету керек деген үндеулеріне де жауап берді.
«Президент креслосы витриналық орын емес» деген Эрдоған «Президент - саясаттың ең биік нүктесі, бірақ оны білмейтіндер, түсінбейтіндер бар болуы мүмкін. Әлемнің барлық елдерінде осылай. Мемлекетімізде осы күнге дейін осылай басқарылып келді деп мұны дәстүрге айналдырғандар бар шығар. Әрине бұған Абдуллах Гүлді қосып отырған жоқпын» деді.
Президент сайлауында премьер-министр Эрдоғанның дауыс бюллетініне басылатын фотосуреті де белгіленді. Фотосурет Жоғарғы сайлау комиссиясына табыс етілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар