Президент үміткері Ихсаноғлу Адапазарында
Ихсаноғлу көршілермен дағдарысқа себеп болатын саясат жүргізілгенін алға тартты
Президент үміткері Экмеледдин Ихсаноғлу сайлау жұмыстарын Сакария қаласында жалғастырды.
Ихсаноғлу ауызашар бағдарламасына қатысу үшін барған Адапазарында автокөлік кассаларында азаматтар тарапынан қарсы алынды.
Ихсаноғлу сайлау жұмыстары аясында азаматтық қоғам мекемелері өкілдерімен бас қосты.
Экмеледдин Ихсаноғлу президент ретінде сайланған жағдайда елдің тыныштығы мен Түркияның халықаралық абыройын көтеру үшін талпынатынын атап көрсетті.
Президенттік үміткері Экмеледдин Ихсаноғлу кейін болса Республикашыл халық партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы ұйымдастырған ауызашарға қатысты.
Ихсаноғлу «Елде бейбітшілік, жаһанда бейбітшілік» негізінің орнына бүгін әрі ел көлемінде, әрі көршілермен дағдарысқа себеп болатын саясат жүргізілгенін алға тартты.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.