Премьер-министр Барзаниді құттықтады

102819
Премьер-министр Барзаниді құттықтады

Премьер-министр Режеп Таип Ердоған Ирак Күрт аймақтық әкімшілігіңде 8-ші үкіметті құраған Нечирван Барзаниді құттықтады.
Премьер-министр Ердоғанның Барзаниге жолдаған құттықтауы Ирак Күрт аймақтық әкімшілігі ресми парақшасында да жарияланды.
Ердоған жолдамасында «Жаңа үкіметтің Ирак халқының тыныштық пен игілігіне үлес қосуын тілеймін. Мұның алдында осы міндетті қалай табыспен жүргізсеңіз, бұдан кейін де солай жүргізетініңізге күдіксіз сенемін. Қол жеткізілген экономикалық өркендеу және дамудың артып жалғасуын үміт етемін. Екі жақты ынтымақтастығымыздың жаңа үкімет кезеңінде де дамитынына кәміл сенемін» деді.
Түркияның қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты жалғастыратынын және берілген уәделерден бас тартылмайтынын атап айтқан Ердоған Ирактағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басылатын қадамдарға қолдау беру керектігін меңзеді.
Премьер-министр Барзани басшылығындағы жаңа үкімет кезеңінде түрікмендердің құқықтарының қорғалатынына да сенім білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар