Мосулдағы дағдарыспен байланысты Түркия мәлімдеме жасады

«Бар шараны қолданатынымызды барша жақсы білсін!»

91929
Мосулдағы дағдарыспен байланысты Түркия мәлімдеме жасады

«Ирак және Левант ислам мемлекеті» экстремисттік тобы тарапынан Мосул консулдығында жасалған басқынның артынан Анкарадан қатаң мәлімдеме келді.
Сыртқы істер министрлігі «Бұл қабылданбайтын жағдай алдында үнсіз қарап отырмайтынымызды, қажетті бар шараны қолданатынымызды барша жақсы білсін» мәлімдемесімен Түркияның ұстанымын білдірді.
Министрліктен жасалған мәлімдемеде «Ұйым мүшелері 11 маусым азанғы уақытта Мосулдағы Бас консулдығымызға басқын жасап, қызметкерлерімізді консулдықтан алып шыққан және қаланың басқа жағына апарған. Оқиға кезінде консулдық ғимаратында Бас консулға қоса 49 қызметкеріміз мен жанұялары бар болатын» делінді.
Ирак үкіметі, БҰҰ және НАТО алдында тиісті бастамалардың іске қосылғаны атап көрсетілген мәлімдемеде кепілдікке алынған 31 түрік шофердің еркін жіберілу үшін жұмыстардың да жалғасқаны білдірілді.
Мәлімдемеде Бас консулдық қызметкерлері мен түрік азаматтарының дереу еркін жіберілу керектігі атап көрсетілді.
Жаңалықтар аясында ақпарат алу үшін Сыртқы істер министрлігінде төтенше жағдай орталығы құрылды.
Орталыққа +90 312 2922950 нөмірлі телефон, +90 312 2877949 нөмірлі факс және kriz@mfa.gov.tr адрестерінен байланыс жасала алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар