Түркия әлемнің ең үлкен әуежайының іргетасын қалады

Стамбұлға салынатын әуежай 150 миллион жоллаушы күшіне ие

86593
Түркия әлемнің ең үлкен әуежайының іргетасын қалады

Стамбұлға салынатын әлемнің ең үлкен әуежайларының бірінің іргетасы премьер-министр Режеп Таип Ердоған қатысқан мерәсіммен кеше қаланды.
Премьер-министр Ердоған үшінші әуежайының 150 миллион жолаушы күшімен әлемнің алпауыты болатынын айтты.
Ердоған әуежайының Түркия Республикасының 91 жылдық тарихында ең маңызды инвестицияларының бірі екенін атап, «Біз осында әуежай емес, жеңісіміздің ескерткішін салып жатырмыз» деді.
Ердоған әуежайының алғашқы сатысының 2017 жылдың 29 қазан күні ашылатынын білдірді.
Ататүрік әуежайынан жеті есе үлкен болатын әуежайы 150 миллион жолаушы күшіне ие болады.
Стамбұлдың аймақтық ерекшелігі себепті транзит жолаушылардың ең көп таңдаған орталықтарының біріне айналады. 6 тәуелсіз қону алаңы мен 500 ұшақ аялдамасы бар әуежайында терминалдар арасындағы қатынас пойыздармен қамтамасыз етіледі. Стамбұлға Солтүстік Мармара трассасымен байланысатын әуежайынан қала орталығына қатынас үшін темір жолы жүйесі құрылады.
2018 жылы толығымен аяқталуы жоспарланған әуежайы ары кетсе 63 миллион жолаушы күшіне ие Лондон Хитроу пен 45,5 миллион жолаушы күші бар Франкфурт әуежайына бәсекелес болады.
Құрылыс жұмыстары бойынша 100 мың адамның жұмыспен қамтамасыз етілуі күтілген әуежайы тендерін 26 миллиард евромен 5 фирмадан тұратын ортақ инвестициялық топ жеңіп алған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар