ТРТ деректі фильм фестивалі басталды

Фестивалде 35 елден 350 деректі фильм көрсетіледі

63822
ТРТ деректі фильм фестивалі басталды

Биыл 6-шы рет өткізіліп отырған іс шарада бір-бірінен құнды деректі фильмдер сайысқа түседі.
Көптен күткен ТРТ деректі фильм сайысы «Ұмытылмас деректі фильмдер» атты арнайы таныту фильмі арқылы басталды. Фестиваль аясында шетелдік және жергілікті деректі фильмдер көрермендердің назарына ұсынылатын болады. Сайысқа 35 елден 350 деректі фильм қатысады.
Түркия телерадио корпорациясының 50-жылдық мерей тойына орай ТРТ мұрағатынан алынған 9 деректі фильм көрермен назарына ұсынылады.
12 мамырға дейін созылатын фестивалде фильмдер ақысыз көрсетіледі. Фестиваль Ыстанбұл қаласындағы ТРТ радио үйінде және Нотр-Дам атындағы Француз лицейінде өтеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар