Вице-президент Батыр Атдаевпен кездесті
Президенттік сарайдағы кездесуде екі ел арасында экономикалық, саяси және мәдени қатынастардың нығайтылуына бағытталған жұмыстар қолға алынды.
2056012
![Вице-президент Батыр Атдаевпен кездесті](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/a00f/8c5d/859f/6539fe61e93b6.jpg?time=1719215611)
Вице-президент Джевдет Йылмаз Түрікменстан Министрлер кабинеті вице-президенті Батыр Атдаевпен бас қосты.
Анкарада Президенттік сарайдағы кездесуде екі ел арасында экономикалық, саяси және мәдени қатынастардың нығайтылуына бағытталған жұмыстар қолға алынды. Вице-президент кездесуде Палестина-Израиль қақтығысына тоқталды. Түркияның тұрақты шешім табу үшін дипломатиялық байланысты арттырғанын және қызудың төмендеуі үшін президент Ердоғанның басшылығында қолынан келгенді атқарғанын тілге тиек етті.
Атдаев болса Палестина-Израиль қақтығысын қайғымен бақылағандарын, бейбітшілік орнауын тілейтіндерін атап көрсетті.