Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы аталып өтілуде

Биыл Қазақстанда сол кезеңнің белгілі, беделді мемлекет қайраткері Құнанбай қажы Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толып отыр.

2154051
Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы аталып өтілуде

Биыл үш жүзге аты мәлім болған, ұлы Абайдың әкесі, қажы, «Дала данышпаны» атанған қайраткер, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл. Мерейтойға орай Абай жұртшылығының бастамасымен, іскер азаматтар қаржылық қолдау жасап, Қарауылда Құнанбай қажы мешіті салынып, сәулетті ескерткіш тұрғызылды.

Бүгінде қасиетті Абай елінде Құнанбай баба рухына айтулы ас берілуде. Республикалық қөлөнершілер байқауы, ат бәйгесі мен ұлттық күрестен дүбірлі сайыстар ұйымдастырылуда. Қарауылда ақындар Құнанбайына арналған өлең-жырларын оқыса, көрнекті тарихшылар мен әдебиетшілер Семейде бас қосып, халықаралық деңгейде Құнанбайды барынша ұлықтауда.

Биыл Қазақстанда сол кезеңнің белгілі, беделді мемлекет қайраткері Құнанбай қажы Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толып отыр.

Қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абайдың әкесі Құнанбай қажы Өскенбайұлының жас ұрпақ тәрбиесіне мән беріп, қазақ даласында ашқан медреселері мен білім ошақтары, Түркістан мұсылмандарының қажылық парызын өтеу үшін Меккеде салған қонақ үйі және басқа да көптеген қайырымдылық шаралары бүгін алғыспен атап өтіледі және ризашылықпен еске алынады.

«TRT News» арнасы жүздеген көрермен ықыласпен тамашалаған фестивальді түсірді.

Құнанбай қажы Өскенбайұлының туған жерінде  облыс әкімінің қолдауымен және жергілікті қайырымды жандардың үлесімен мерекелік шара ұйымдастырылды.

Этноауыл стилінде жасалған ашық аспан астындағы театрда Құнанбайдың өмірін, идея әлемін, күресін жергілікті әртістер сахналады.

Халықаралық ғылыми конференциямен басталған шарада 500 бала алғаш рет бір мезгілде атқа мініп, «Ашамайға мінгізу» рәсімін жасады.

Дәстүрлі концепциямен ұйымдастырылған сайыста жеңімпаздар дәстүр бойынша ірі қара малмен марапатталса, қалған қатысушыларға құрметті марапат ретінде ұсақ мал үлестірілді.

Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев «TRT» арнасына берген бағасында «Құнанбай қажы Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы алғаш рет ұйымдастырылғанына» назар аударды.

Әділбек Мұсабаев «Бүкіл түрік әлемінің атақты философы, ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының әкесі Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойын ұйымдастырып, өткізіп жатырмыз. Құнанбай Өскенбайұлы өз тұсында қазақты ынтымаққа шақырып, қазақ елінің нығаюына бар күш-жігерін жұмсаған ақсақалдарымыздың бірі. Расында Абай Құнабайұлы өз шығармаларында әке орнының айрықша маңызды екенін үнемі баса айтып, осындай ойшыл, ақын болу үшін әкесінің қаншама еңбек сіңіргеніне мән беріп отырады. Мұндай мерекелер тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түрік әлемі үшін өте маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар