Түркия Діни Қоры Қазақстандағы мұқтаж жандарға құрбандық етін таратуда

Түркия Діни Қоры Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстандағы мұқтаж жандарға құрбандық етін таратуда.

2153925
Түркия Діни Қоры  Қазақстандағы мұқтаж жандарға құрбандық етін таратуда

Түркия Діни Қоры сойған 100 ірі қараның еті Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі мұқтаж отбасыларға таратылуда.

Түркия Діни Қоры Қазақстанның бас қаласы Астанада мұқтаж отбасыларын қуандырды.

Елордада қор тарапынан 40 ірі қара сойылып, мүгедек балалары бар отбасыларға үлестірілді.

Түркия Республикасы Қазақстандағы Елшілігінің Діни істері жөніндегі кеңесшісі профессор Нешет Бодур қазақстандық отбасылармен мерекені бөлісуге қуанышты екендіктерін айтты.

Нешет Богур «Біз Қазақстанда 700-ге жуық үлесті, яғни 100 ірі қараны сойып жатырмыз. Оның 40-ын Астанада, 30-ын Алматыда, 20-сын Шымкентте және 10-ын Түркістанда сойдық» деді.

Нешет Богур «Біз бауырларымызға құрбандық шалудамыз. Мерекелер – сүйіспеншілік, бауырмалдық және достықтың шарықтау шегіне жеткен күндері. Мен осы жердегі, бүкіл әлемдегі, біздің жүрегіміздегі барлық бауырларымызды Құрбан айт мерекесімен  құттықтаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар