Түрік елдерінің ресми зерттеу орталықтарының отырысы Астанада өтті

Отырысқа Түркияның өкілдері де қатысты.

2044153
Түрік елдерінің ресми  зерттеу орталықтарының отырысы Астанада өтті

Қазақстанның бас қаласы Астанада Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше және бақылаушы мемлекеттердің ресми сыртқы саяси зерттеу орталықтарының 9-шы отырысы өтті.

Кездесуге ТР Сыртқы істер министрінің бас кеңесшісі және Сыртқы істер министрлігі Стратегиялық зерттеулер орталығының (SAM) басшысы доктор Нух Йылмаз және  делегациясы қатысты.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, кездесуге Др. Йылмаздан бөлек, ТМҰ бас хатшысы елшісі Кубанычбек Өмуралиев, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Венгриядан өкілдер мен дипломаттар да қатысты.

Йылмаз жиналыстың арнайы отырысында сөйлеген сөзінде ТМҰ құрылғаннан бері жылдам өзгергеніне назар аударды.

Отырыс аясында екіжақты және көпжақты кездесулер өткізген SAM басшысы Йылмаз ТМҰ бас хатшысы Өмуралиевпен де бас қосты.

 



Ұқсас жаңалықтар