Әзербайжан Арменияға тағы бейбітшілік ұсынды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінде Қарабахтағы оқиғаларды талқылау үшін отырыс өтті.

2040793
Әзербайжан Арменияға тағы бейбітшілік ұсынды

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов «Біз Арменияға тағы да әділ және тұрақты бейбітшілік ұсынамыз» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты мүше Францияның өтініші бойынша Қарабахтағы оқиғаларды талқылау үшін отырыс өтті.

Байрамов антитеррорлық операцияның халықаралық құқық пен гуманитарлық құқыққа толығымен сәйкес Әзербайжанның өз аумағында жүргізілгенін мәлімдеді. Операцияның тоқтатылғанын және армяндардың Қарабахтағы интеграция процесі басталғанын айтқан Байрамов Әзербайжан лауазымдылары мен Қарабахтағы армян халқы өкілдерінің Евлахта бас қосқанын білдірді.

Байрамов антитеррорлық операцияның «шектелген және пропорционалды түрде» жүргізілгенін және тек Әзербайжан аумағындағы заңсыз қарулы күштерді нысанаға алғанын баса айтты.

Байрамов Әзербайжанның заңды мүдделерді өзара құрметтеу негізінде шынайы диалог пен келіссөздерге дайын екенін атап өтті. «Біз Арменияға тағы да әділ және тұрақты бейбітшілік ұсынамыз» дедң ол.

Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Елші Бурак Акчапар Түркияның Әзербайжан басшылары мен Қарабахтағы армян халқының өкілдері арасындағы келіссөздерді құптайтынын айтып, келіссөздердің нәтижелі жалғасын табатынына сенім білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Саяси бөліміндегі Еуропа, Орталық Азия және Америка Бас хатшысының орынбасары Мирослав Енча БҰҰ алаңда еместігін еске салды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің шиеленіске қатты алаңдағанын айтқан Енча БҰҰ-ның тыныштыққа шақырғанын білдірді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар