Қарабах армяндарының Әзербайжанға интеграциясы талқылануда

Тарихи кездесу Қарабахқа жақын орналасқан Евла қаласындағы облыстық ғимаратта өтуде.

2040490
Қарабах армяндарының Әзербайжанға интеграциясы талқылануда

Әзербайжан лауазым иелері мен Қарабахтағы армян халқының өкілдері арасында интеграциялық үдерістер талқыланатын кездесу басталды.

Ханкенди-Агдам бағытын пайдаланған  Армения өкілдері мен Ресей Бейбітшілік күштерінің өкілдері Әзербайжан полициясының қорғауында Евла қаласына келді.

Бұл тарихи кездесу Қарабахқа жақын орналасқан Евла қаласындағы облыстық ғимаратта өтуде.

Әзербайжан атынан келіссөздерге президент Ильхам Әлиевтің Қарабахтағы армяндармен байланысқа жауапты өкілі Рамин Мамедов, Қарабах армяндары атынан Давид Мелкумян және Сергей Мартиросян қатысуда. Кездесуге Ресей Бейбітшілік күштерінің ресми өкілі де қатысты.

Қарабах пен Оңтүстік Кавказдағы жағдайды жіті қарастырған кездесуді Әзербайжан мен түрік журналисттерімен қатар шетелдік баспасөзі де бақылап отыр.

Кездесудің негізгі күн тәртібі--Қарабах армяндарының Әзербайжанға интеграциясы.

Әзербайжан армиясы конституциялық тәртіп орнату үшін 19 қыркүйекте Қарабахта лаңкестікке қарсы операция бастаған. Қарабахтағы заңсыз армян қарулы күштері 24 сағатқа созылған операциядан кейін қаруларын тастаған болатын.

Әзербайжан интеграция мәселелерін талқылау үшін Қарабах армяндарының өкілдерін Евлах қаласына шақырған еді.



Ұқсас жаңалықтар