Қазақстан Әзербайжанның егемендігін қолдайды

БҰҰ Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына деген қолдауын қайталады.

2036682
Қазақстан Әзербайжанның егемендігін қолдайды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына деген қолдауын қайталады.

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында Әзербайжанның Карабах аймағында армян күштері бақылауындағы жерлерде өткен ауыз жөзіндегі президенттік сайлауға қатысты сұраққа жауап берді.

Дюжаррик «Біз Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын еске салғымыз келеді» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш Армения мен Әзербайжанды қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін күш-жігерді арттыруға шақырды.   Гутерреш мұның аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін де пайдалы болатынын айтты.

Қырғызстан да Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын мәлімдеді.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Қырғызстан халықаралық деңгейде танылған шекараларындағы Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын батыл қолдайтынын тағы бір рет растайды» делінді.

Қазақстан Әзербайжанның халықаралық деңгейде танылған шекараларындағы егемендігі мен аумақтық тұтастығын табанды түрде қолдайтынын қайталады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде «Таулы Карабах төңірегіндегі соңғы оқиғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын батыл қолдайтынын тағы бір рет растайды» делінді



Ұқсас жаңалықтар