Лачын мәселесі БҰҰ-да қаралды

Әзербайжан Армения айыптауларының дәйексіз екенін білдірді.

2025704
Лачын мәселесі БҰҰ-да қаралды

Лачын жолының гуманитарлық көмек тасымалына жабылғаны туралы айыптауларын Армения БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жеткізді.

БҰҰҚК Арменияның шақыруымен кезектен тыс жиналды.  Жиналыста «Лачын жолы» тақырыбы қарастырылды.

Әзербайжанның БҰҰ-дағы тұрақты елшісі Яшар Алиев Арменияның Лачын жолы туралы айыптауларының «дәйексіз екенін» айтып,  елінің айыптауларды жоққа шығаратынын білдірді. Ол Арменияның халықаралық қоғамға манипуляция жасауға тырысқанын атап көрсетті. Алиев Лачын дәлізінің қысқа уақыт бұрын ашылғанын да еске салды.

Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты елшісі Седат Өнал да Арменияның Лачын жолы жайындағы саяси мақсатты айыптаулары үшін халықаралық платформаларды қолдануына Түркияның алаңдайтынын тілге тиек етті. Өнал Әзербайжанның табиғи егемендік құқығына құрмет көрсетілуі керектігін атап айтты. «Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік келіссөздерін қолдауды жалғастырамыз» деді ол. Түркия өкілі Әзербайжанның Лачын жолының қарулы топтарға қару жеткізу мақсатымен қолданылуы және Қарабахта заңсыз кен орындары тақырыбындаңы уайымдарына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар