Ердоған Түркия ғасырының Түркі әлемінің де ғасыры болатынын айтты

Президент Ердоған «Түркия мен Әзербайжан ретінде біз Шығыс пен Батыс арасында стратегиялық орынға иеміз» деді.

1999300
Ердоған Түркия ғасырының Түркі әлемінің де ғасыры болатынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия ғасырының Түркі әлемінің де ғасыры болатынын айтты.

Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында кеше Әзербайжанға жасаған сапары туралы мәлімдеме жасады.

Ердоған «14 және 28 мамырда өткен сайлаудан кейін алғашқы сапарымызды Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Әзербайжанға жасадық. Алла Тағала достығымызды жалғастыра берсін. Алла бұйырса Түркия ғасыры да Түркі әлемінің ғасыры болады» деп көрсетті.

Түркі мемлекеттері ұйымының институционалдық әлеуетін күшейту үшін аянбай еңбек етіп жатқандарын түсіндірген Ердоған «Түркия мен Әзербайжан ретінде біз Шығыс пен Батыс арасында стратегиялық орынға иеміз. Саудадан энергетикаға, қорғаныс өнеркәсібінен көлікке дейін барлық саладағы бауырластығымызға жарасатын ынтымақтастығымыз тереңдей түседі. Әзербайжан мен Армения арасында бейбітшілік келісімге қол қойылуымен біздің аймақ әлдеқайда гүлденген жағдайларға қол жеткізеді. Мен Ильхам Әлиев бауырыммен бірге толық үйлестіру және диалог процесін жүргізудеміз. Бұл байланыстардың оң нәтижелерін жақын арада көреміз деп үміттенемін. Бізге «Бір ұлт, екі мемлекет» ұранын қалдырған Әзербайжанның бұрынғы президенті және ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай оны құрметпен еске аламыз. Ильхам Әлиев бауырыммен қол ұстаса отырып әр салада дамуды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар