Түркия президенті Тоқаевқа телефон шалды

Ердоған Қазақстан халқына көңіл айтты.

1998476
Түркия президенті Тоқаевқа телефон шалды

Түркия президенті  Режеп Тайып Ердоған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орман өртінде 14 орман қызметкерінің қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Президенттік аппарат жанныдағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда, Ердоған Тоқаевқа телефон шалып хабарласты.

Телефон әңгімесі барысында Ердоған Қазақстандағы орман өртінде қаза тапқандарға Алланың рақымын, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Қазақстан халқына көңіл айтқан  Ердоған Қазақстанға қажет көмекті көрсетуге дайын екендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар