Әлиев президент Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Ердоған да Әлиевке көңіл бөлгені және  құттықтаулары үшін алғыс айтты.

1986486
Әлиев президент Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоған мен Джумхур альянсын  Президентік және 28-ші кезекті парламенттік сайлауында көпшілік дауысқа ие болғанымен құттықтады.

Әзербайжан президенттігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Әлиев Ердоғанға телефон шалып , құттықтауын жеткізді.

Алиев Ердоған басшылығындағы Түркияның үлкен ілгерілеушілікті бастан өткергенін және соның бір көрінісі ретінде бауырлас түрік халқының бұл сайлауда да өз басшысына сенімін көрсеткенін баяндады.

Ердоған да Әлиевке көңіл бөлгені және  құттықтаулары үшін алғыс айтты.

Әңгіме барысында басшылар екі ел арасындағы достық пен бауырластық қарым-қатынастың мәңгілік әрі мызғымас екенін тағы бір мәрте атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар