Иран мен Әзербайжан өзара нота берді

Иран мен Әзербайжан бір-біріне нота берді.

1969448
Иран мен Әзербайжан өзара нота берді

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айхан Хаджызаде Иранның Әзербайжанға «Иранға қарсы хабар таратудың алдын алу» үшін нота бергенін, Әзербайжанның да Иранға жауап бергенін мәлімдеді.

Хажызаде жазбаша мәлімдемесінде Иранның нота бергеннен кейін осы елдің елшісі Аббас Мусавидің министрлікке шақырылғанын айтты.

Мусавиге Иранның нотасындағы Әзербайжан баспасөзіне қатысты мәселелердің объективті емес екенін білдіргенін айтқан Хажызаде Әзербайжаннан келген жауап нотасына қоса, Иран баспасөзінде Әзербайжанға қарсы жарияланған кейбір мақалалардың тізімі ұсынылғанын атап көрсетті.

Хаджызаде Мусавиге Иран баспасөзінде тұрақты болып кеткен Әзербайжанға қарсы өтірік пен жала жабылған мақалалар мен Иран билігінің шындыққа жанаспайтын мәлімдемелерінің екі ел арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп, келіспеушіліктерді тереңдеткенін айтты.

Екі ел арасындағы келіспеушіліктердің әрқашан Иранның біржақты көзқарастары мен қадамдарынан туындағанын атап көрсеткен Хажызаде Әзербайжанның ізгі ниетті қадамдарына Ираннан жауап алмағанын білдірді.

Хаджызаде Иран баспасөзінде Әзербайжанға қарсы жалған және бір жақты жарияланымдарға тосқауыл қою үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін елші Мусавиге жеткізгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар