Мұрат Нұртілеу Қазақстан Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

47 жасар Нұртілеу Қазақстанның Финляндия және Эстониядағы елшісі ретінде қызмет атқарды.

1969115
Мұрат  Нұртілеу Қазақстан  Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы қаулыға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

47 жасар Нұртілеу Қазақстанның Финляндия және Эстониядағы елшісі ретінде қызмет атқарды.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары ретінде қызмет атқарды.

Ал 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болды.

2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Елде 19 наурызда өткен парламенттік сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетті. Бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов 30 наурызда премьер-министр болып қайта тағайындалды.

 

Қазақстанда конституцияға сәйкес қорғаныс, ішкі істер және сыртқы істер министрлерін тікелей Президент тағайындайды, ал басқа кабинет мүшелерін Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Президент бекітеді.

Президент Тоқаев бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бұрынғы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қызметіне қайта тағайындады.

Министрлер кабинетінің басқа мүшелерін ресми түрде тағайындау әлі жасалған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар