Чавушоғлу «Бірлік болған жерде тірлік бар» деді

Чавушоғлу ертең Самарқандта өтетін Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы (ТМҰ) саммитіне қатысатындарын білдірді.

1904144
Чавушоғлу «Бірлік болған жерде тірлік бар» деді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ертең Самарқандта өтетін Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) саммитіне қатысатындарын білдірді.

Чавушоғлу «Осы күш-жігермен біз түрік әлемін болашаққа дайындап жатырмыз. Бірлік болған соң, біз барлық кедергілерді жеңеміз. Өйткені бірлік болған жерде тірлік бар» деп көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Қазақстандағы Шымкент Құрметті Бас консулдығының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Чавушоғлу әлемнің әртүрлі қиындықтардан өтіп жатқанын және Украина-Ресей соғысының жалғасып жатқанын атап көрсетті.

Министр Чавушоғлу «Түрік әлемі ретінде бұл оқиғаларға бейжай қарай алмаймыз» деді.

Өткен жылы Түркі кеңесінің Түркі Мемлекеттері Ұйымына айналған  Стамбул саммитінің түркі әлемінің бірлігі үшін «бетбұрыс» болғанын атап көрсеткен Чавушоғлу ертең Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін ТМҰ  саммитіне қатысатындарын білдірді.

Түркияның бүгінде әлемде 256 өкілдігі бар екенін атап көрсеткен Чавушоғлу бұл санның жақын арада 257-ге жететінін айтты.

Сыртқы істер министрі Түркияның қазіргі таңда дүние жүзінде 108 Құрметті консулдығы бар екенін де мәлімдеді.

Өздері ашқан Шымкент Құрметті консулдығының екі ел халықтары арасындағы байланысты нығайта түсетінін атап көрсеткен Чавушоғлу Бас консулдықтың түрік және қазақ азаматтарына қызмет көрсететінін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар