Шекарада тағы қақтығыс

Армян әскерлері миномет және ірі қарулардан оқ жаудырды.

1837118
Шекарада тағы қақтығыс

Армян сарбаздары Әзербайжан бекіністеріне миномет және ірі қарулардан оқ жаудырды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Келбажер облысының Зейлик және Йеллиже ауылдары бағытында Әзербайжан бекіністерін армян әскерлерінің атқылағаны білдірілді.

Мәлімдемеде армян әскерлерінің екі ел шекарасында миномет және ірі қарулардан оқ жаудырғаны, Әзербайжан бөлімшелерінің бірден жауап қайтарғаны атап өтілді.

Сонымен бірге әзербайжандық әскерлер арасында адам шығыны болмағаны білдірілді. "Армян жағы жұртшылықтың назарын ішкі процестерден басқа жаққа аудару үшін ауқымды қаруларды қолдану арқылы шекарадағы жағдайды ушықтыруға тырысуда. Арандатушылық әрекеттердің барлық жауапкершілігі Армения әкімшілігіне жүктеледі" деп хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар