Фуат Октайдың Қазақстан сапары жалғасуда

Октай Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловпен кездесті.

1789833
Фуат Октайдың Қазақстан сапары жалғасуда

Вице-президент Фуат Октай мен ҚР Премьер-Министрі және Үкіметаралық экономикалық комиссияның тең төрағасы Әлихан Смайылов Түркия-Қазақстан Үкіметаралық экономикалық комиссиясы 12-ші отырысынан кейін ортақ баспасөз жиналыс өткізді. 

Октай кездесулерде сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы және туризм сынды салаларында ынтымақтастық жасау мүмкіндіктерін қолға алғандарын білдірді. 

Ресей-Украина арасындағы соғысқа байланысты Түркияның тұғырының айқын екенін түсіндірген Октай  "Түркия халықаралық құқыққа қайшы соғыстың тезірек доғарылуы үшін атсалысуда. Гуманитарлық жәрдемдер арқылы Украина халқының қаыснда болудамыз" деді.

Ресей әскерінің Запорожье атом электр станциясын атқылағанына назар аударған Октай "Ресей-Украина келіссөздерінен тез қырқынды түрде нәтиже шығуын және бұл құқықсыз соғыстың доғарылуын қалаймыз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар