Әзербайжан Арменияға 8 әскерін қайтарды

Әзербайжан қамаудағы сегіз әскерді Арменияға тапсырды.

1774639
Әзербайжан Арменияға 8 әскерін қайтарды

Әзербайжан қамаудағы сегіз әскерді Арменияға тапсырды.

Әзербайжан Тұтқын, жоғалып кеткен және кепілге алынған азаматтарға жауапты мемлекеттік комитетінің хабарламасында қайтарылғандардың 16 қараша күні Келбежерде шекарада арандатушылық жасаған кезде қамауға алынған әскерлер екені білдірілді.

Осы қадамға қарымжы ретінде Армения да I Қарабах шайқасы кезінде өлтірілген және топтық мәйіттерге көмілген әзербайжан азаматтары мен әскерлерінің мәліметтерін беруі керек.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Франция президенті Эммануэль Макрон және ЕО кеңесінің төрағасы Чарьл Мишельмен 4 ақпан күні өткен видеоконференцияда I Қарабах шайқасы барысында жоғалып кеткен азаматтардың жағдайын күн тәртібіне келтіріп,  Пашинян да осы тақырыпта ынтымақтастық көрсететінін айтқан еді. Макрон да осы тақырыпқа қолдау білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар