Президент Назарбаев туралы заңға қол қойды

Аталмыш өзгерістер жобасы Қазақстан парламенті тарапынан президентке ұсынылған болатын.

1774826
Президент Назарбаев туралы заңға қол қойды

Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы «Қазастан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық заңдарға Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтату туралы түзетулерге қол қойды.

Елдің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Назарбаевпен ақылдасуды көздеген бап та алынып тасталды.

Аталмыш өзгерістер жобасы Қазақстан парламенті тарапынан президентке ұсынылған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев елді шамамен отыз жыл басқарғаннан кейін 2019 жылы президенттік міндетінен кетіп, алайда Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі және Қазақстан Халық ассамблеясына өмір бойы басшылық жасау құқығын қорғап қалған еді.



Ұқсас жаңалықтар