Әзербайжан Мәжілісі "Шуша декларациясын" қабылдады

Шуша декларациясына 2021 жылы 15 маусымда Ердоған мен Әлиев қол қойған.

1771536
Әзербайжан Мәжілісі "Шуша декларациясын" қабылдады

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісі Түркия мен Әзербайжан қарым-қатынастарын ресми одақтастық өресіне көтерген "Шуша декларациясын" қабылдады.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің кезектен тыс Жалпы Кеңес жиналысында Әзербайжан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы одақтастық қарым-қатынастарына байланысты "Шуша декларациясын қабылдау жөніндегі" заң жобасы талқыланды.

Кездесуден кейін дауыс берілген заң жобасы ортақ дауыспен қабылданды.

Шуша декларациясына 2021 жылы 15 маусымда Қарабахтың символ қаласы Шушада президент Режеп Тайып Ердоған мен президент Ильхам Әлиев тарапынан қол қойылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар