Жаңа мұнай резерві табылды

Өзенде 39,9 миллион тонна қоры бар жаңа мұнай кен орындары табылды

1771038
Жаңа мұнай резерві табылды

Қазақстанның батысындағы Өзен мұнай кен орнында 39,9 миллион тонна қоры бар жаңа мұнай кен орындары табылды.

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ жасаған мәлімдемеде 2017 жылдан бері Өзен мұнай кен орнында қосымша бұрғылау жұмыстары жүргізілгені айтылды.

Мәлімдемеге қарағанда, осы бағдарлама шеңберінде 2017-2021 жылдары арасында жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шаршы км) жүргізілді, барлық ұңғыма қорына қайта талдау жасалды.

Мәлімдемеде «Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кен орнының құрылымы нақтыланды және жаңа мұнай шоғыры табылды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Өзен кен орнының мұнай қоры 8%- ға ұлғайды, бұл өз кезегінде шығарылатын қордың 39,9 млн тоннасын құрап отыр»,-делінген.

Қазіргі уақытта жаңа қорды есепке алу және оларды өндіруді жоспарлау мақсатында кен орынды игеру жобасына түзету енгізілуде.



Ұқсас жаңалықтар