Түрік Кеңесі саммиті тығыз өтіп жатыр

Президент Режеп Тайып Ердоған саммит аясында Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен бас қосты.

1733303
Түрік Кеңесі саммиті тығыз өтіп жатыр

Түрік Кеңесінің мемлекет басшылары 8-ші саммиті президент Режеп Тайып Ердоғанның үй иесі болуымен бүгін  Стамбулдағы Демократия мен бостандық аралында басталды. 

«Цирфлық дәуірдегі Жасыл технологиялар және ақылды қалалар» тақырыбымен ұйымдастырылған саммитке Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және бақылаушы ел Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан қатысты.

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов та бақылаушы мүше мәртебесімен Кеңеске алғаш рет Түрікменстанға өкілдік етуде.

Президент Режеп Тайып Ердоған алдымен Сұлтанахметте Түрік Кеңесі хатшылығы орталық ғимаратының беташар рәсіміне қатысты.

Бағдарламаға Ердоғанмен бірге Түрік Кеңесіне мүше елдердің лидерлері, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Әділет және даму партиясы төрағасының өкілі Бинали Йылдырым және басқа қонақтар қатысты.

Саммитте Түрік Кеңесінің атының "Түрік Мемлекеттері Ұйымы" деп өзгертілуі және алдағы 20 жылға бағытталған "Көрініс құжатының" қабылдануы, ұйымның міндеттері мен болашағына байланысты маңызды шешімдердің қабылдануы күтілуде.

Кезекті төрағалық міндетінің Әзербайжаннан Түркияға өтетін саммитте ынтымақтастықтың әр салада тіпті кеңейтілуіне байланысты тақырыптар қолға алынуда.

Президент Режеп Тайып Ердоған саммит аясында Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен бас қосты.

Президент Ердоғанның саммит аясында әріптестерімен кездесулер өткізуі күтілуде. 



Ұқсас жаңалықтар